
Оқиға 23 қаңтарда Алматы — Талғар тасжолында болған. Toyota Prado жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Honda Stream көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Honda көлігінің 20 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Жол апатына кінәлі полиция қызметкері екені анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы облысының полиция департаменті Toyota Prado көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталғанын хабарлады.
«Жол талғамайтын көлікті ішкі істер органының қызметкері басқарғаны анықталды. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, 24 қаңтарда облыстық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен ол беделіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды. Шын мәнінде, оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.