jasqazaq.kz

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Жүргізуші қаза тапты

03 тамыз 2022, 16:43

Алматы облысындағы теміржол өткелінде жүк пойызы көлікті қағып өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2 тамызда Іле ауданында «Еңбек-Құйған» теміржолында жүк пойызы мен Аudi 100 көлігі соқтығысқан.

«Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», — деді полицейлер.

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тергеліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде