jasqazaq.kz

Алматы облысында өз жерлерін игере алмай отырған шаруалар шу шығарды

07 қазан 2017, 10:41

Алматы облысында тағы да жер дауы ушықты. Өз жерімізге өзіміз иелік ете алмай жатырмыз деген Алакөл ауданының шаруалары шу шығарып жатыр. Айтуларынша, қытайға тасымалданып жатқан мұнай құбырлары олардың егістік жерлері арқылы өтеді екен. Сорақысы сол, енді қожалық иелері егістік жерлерін игере алмай қалдық дейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Алакөл ауданының шаруалары құжат жүзінде ғана жер біздікі дейді. Сөздерінше, 13 жылдан бері 300 гектардан астам жерді шаруалар игере алмай отыр екен. Бірақ, игермесе де заңды жүзінде жер соларға тиесілі болғандықтан, салығын төлеуге мәжбүрміз дейді.

“Жерімізді игеруге мүмкіндік жасамады. Мына жерден мұнайы да, кабелі де, шимай шатпағының бәрі өтті. Бармаған жеріміз жоқ. Мына жерге бостан босқа 13 жыл болды салық төлеп отырмыз. Мемлекеттің Жер туралы заңында көрсетілген. Упущенные выгоды дейді. Игере алмаған жерімізге өтемақыны кім төлейді”, – дейді шаруа қожалығының иесі Қанат Байболатов.

Ал Қанат Байболатовтың 60 гектар суармалы егістік жері бар. Бір әттегені, шаруа ол жердің тек 17 гектарын ғана игеріп отырғанын айтады. Егін егіп, жан бағамын деген азамат лизингке алған техникасынан да айрылып қалыпты. Себебі жерін игере алмағандықтан, шығынға баттым дейді. Тіпті мұндағы шаруалар жерлерін мұнай салушылар қаққа айырып, ортасынан көлік жүретін жолды да салды дейді. Салдарынан егістіктің бір шеті суға жарып, енді бір шетіне су жетпей қалған.

“Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік бағдарлама «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры өтеді. Негізі көлемі 809 гектарды құрайды Алакөл көлемінде. Тек аздап кеткен кемшіліктерді орнына келтіру мәселесі ғана туындап отыр болды”, – дейді Алакөл ауданының әкімінің орынбасары Алмас Аханов.

Енді шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдаған жергілікті билік пен құзырлы орган қызметкерлері жауапты мекемелермен бірігіп арнайы жұмыс тобын құрмақ. Ал қытайға жер асты жолдары арқылы мұнай тасымалданғандықтан, 13 жыл бойы жеріміздің игілігін көрмедік деген шаруалар құжаттарын жинап, жоғары жаққа шағымданбақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде