jasqazaq.kz

Алматы облысында неке қию рәсімінде атыс болды (Видео)

24 наурыз 2022, 16:39

Алматы облысында жас жігіт тойда көпшіліктің көзінше тапаншадан оқ атты. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Оқиға 22 наурыз күні Талғар ауданында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Неке қию рәсімі кезінде жас жігіт мылтық қолданған. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Кадрларда жеке үйлердің арасында келе жатқан көліктер колоннасы көрінеді. Кавказдық үлгіде, ұлттық киім киген салт атты жігіт қарудан аспанға оқ атады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

«Тойға қатысушылардың бірі Талғар қаласының 22 жастағы тұрғыны қарудан оқ атқаны анықталды. Ол МП-371 тапаншасын қолданды, қазір қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жас жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы (Атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан ату, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша жауапқа тартылды», — деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, бейнежазбадағы көріністе неке қию шарасына қатысқан көлік жүргізушілері де жол ережесін бұзған. Оларға қатысты бес хаттама толтырылды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр