jasqazaq.kz

Алматы облысында нәрестені шарбаққа іліп кеткен

18 ақпан 2019, 17:29

Алматы облысының полицейлері Түрген ауылының көшелерінің бірінде табылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды Sputnik.

12 ақпан күні Есік қаласының ауруханасына жеткізілген тастанды бала жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Нәрестені Түрген ауылының тұрғындары жер үйдің маңынан тауып алады. Жұп-жұқа мойынорағышқа оралған сәби полиэтилен пакеттің ішінде болған. Оны әлдекім шарбаққа іліп кетіпті. Тұрғындар сәбиді жылытып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

Алматы облысының полициясы бұл ақпаратты растап отыр.
«Полиция қызметкерлері табылған баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Сондай-ақ аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық заңнамасының 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іспен Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары айналысады» — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есік ауруханасының дәрігерлері сәбидің денсаулығы жайлы айтып берді.

«Сәби – қыз бала, салмағы 2 500 грамм, бойы 49 сантиметр. Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болатын, нәресте енжар, қатты тоңған, дене температурасы 34 градус. Сәбилерге арналған жансақтау бөліміне келіп түсті. Қазіргі таңда жағдайы орташа, нәрестелердің сары ауруы мен конъюнктивиттен ем алуда. RW және ВИЧ-ке анализ алынды»,- деді Есік перзентханасының меңгерушісі Гүлнар Мамырбекова.

Баланың құжаттарын ресімдеумен аудандық әкімдіктің қамқорлық бөлімі айналысып жатыр. Құжаттар дайын болып, қыз бала ем қабылдап болған соң ол Шелек сәбилер үйіне жіберіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда