jasqazaq.kz

Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады

30 қантар 2020, 12:28

Алматы облысында Үшарал қаласының маңында кроссовер жүк көлігімен соқытығысты, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Nissan X-trail және МАЗ-54322 көліктері Үшарал-Достық тас жолының төртінші шақырымында соқтығысқан. Болжам бойынша, жол апаты көктайғақ салдарынан болды.

Кроссовердің рөлінде әйел отырған, көлік ішінде тағы төрт әйел болды, олардың барлығы жергілікті мектептің мұғалімдері.

Жол апатынан Nissan X-trail көлігінің екі жолаушысы көз жұмды, жүргізуші мен қалған екі әйел аудандық ауруханаға жеткізілген.

«Көктайғақ салдарынан жүргізушілердің біреуі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетті деген болжам жасалып отыр. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар белгіленді», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөзі: sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде