jasqazaq.kz

Алматы облысында мектеп директоры мен мұғалім сотталды

20 наурыз 2018, 12:33

Алматы облысында пара алған мектеп директоры мен мұғалім 3, 5 жылға сотталды.

Іле аудандық соты Чапаев ауылындағы мектептің экс-директоры Б. мен Жапек батыр ауылының бұрынғы мұғалімі А.-ны ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Іс материалына сәйкес, мектеп директоры педагогты жұмысқа қабылдау үшін 160 мың теңге пара алған. Ол бұл қомақты қаржыны Жапек батыр ауылының өзге мұғалімі арқылы алғаны анықталды. Сот шешіміне сәйкес, сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. «Сондай-ақ сот үкімімен Б. мен А. кінәлі деп танылып, 3 жыл 5 айға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың дүние-мүлкі тәркіленбейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде