Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі тұрған төрт оқушы қызды қағып кетті.
2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті, — дейді полициядағылар.
Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық сауықтыру пунктіне жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, «Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
zakon.kz