jasqazaq.kz

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз көз жұмды

05 сәуiр 2021, 10:32

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз да көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға наурыз айының басында Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында кешкі сағат 18.00 шамасында орын алған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мас көлік жүргізушісі мектептен қайтқан оқушыларды қағып кеткен. Қатты соққының салдарынан қыздар жан-жаққа ұшып кеткен. Ал көлік әрі қарай бірнеше метр жерде тұрған жол белгісіне барып бір-ақ тоқтаған.

Екі оқушы бірден Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

14 наурызда тоғыз жасар науқастың жүрегі тоқтағаны белгілі болды.

Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 4 сәуірде сағат 21:00-де зардап шеккен екінші қыз қаза болғанын хабарлады. Марқұм 8 жаста еді.

Айта кетейік, 54 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия