jasqazaq.kz

Алматы облысында Lexus көлігі көпірден құлап, бір адам қаза тапты (Видео)

24 қантар 2022, 15:21

Алматы облысында Lexus көлігі Лепсі өзені арқылы өтетін көпірден құлап кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аймақтық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Видеодан Lexus көлігіне айтарлықтай техникалық зақым келгенін байқауға болады. Видео авторларының сөзіне сенсек, жол апаты Сарқан және Алакөл аудандарының шекарасында болған. Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты 23 қаңтарда Алматы-Өскемен тас жолының 466 шақырымында болғанын хабарлады.

«Жол апаты Сарқан ауданында болды. Lexus 570 көлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолымен солтүстік бағытқа қарай 466 шақырымында рульді басқара алмай, Лепсі өзені арқылы өтетін көпірден аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Дерек бойынша сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖЖЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде