jasqazaq.kz

Алматы облысында күйеу баласы қайын әпкесін қатыгездікпен сабап тастаған (Видео)

22 желтоқсан 2021, 15:09

Алматы облысындағы күйеу баласы қайын әпкесін қатыгездікпен сабап тастаған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Koremiz» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында сұмдық жағдай орын алды. Әйел адамды әлдебіреу ұрып-соғып, өз үйінде қан жоса қылған. Полициядан көңіліміз қалды деген жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады.

Қиын жағдайға тап болған Рыскүл Жанбаева «Koremiz» бағдарламасында бар шындығын жайып салды.

«Ол мені ұрған жоқ, мені аяғымен тепкіледі. Шашымды сүйреп, аяғымен тепкіледі. «Сен жәлепсің, жәлеп болғасын сіңліңді де жәлеп қылмақшысың», — деді. «Мені кімнің астынан алып едің», — деп едім. «Қыздардың бәрі жәлеп қой», деді маған ол», — деді Рыскүл Жанбаева.

Рыскүл Жанбаева бас ми жарақатын алған. Ең сұмдығы, оны ұрған бөтен адам емес екен. Өз сіңлісінің азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі болып шықты.

Белгілі болғандай жұдырығы жуан жігіт Рыскүлдің сіңілісін іздеп келген. Жәбірленушінің айтуынша, сіңілісін үнемі қорқытып қасында тұруға көндірген. Кетсең оңдырмаймын деп қоқын-лоқы жасаған көрінеді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр