jasqazaq.kz

Алматы облысында көз жұмған мұғалімге екпе дәріханада жасалған

20 наурыз 2018, 11:43

Алматы облысының тұрғыны дәріханада қайтыс болды. Марқұм жергілікті дәрі сату орындарының біріне тамыры арқылы екпе салдыруға барған. Алайда препаратты қабылдап жатқан жерінде жүрегі тоқтап қалған. Екпе кезінде көз жұмған колледж мұғалімі осы оқиғаның алдында ғана ауруханада жатып емделген екен. Десек те науқасты дертінен құлан-таза сауықтырғанбыз деп ант-су ішкен ақ халаттылар болған жайтқа дәріханаға ем іздеп барған әйелдің өзі кінәлі деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. 52 жастағы колледж мұғалімі дәріханада екпе салдыртып жатқан жерінде көз жұмған. Мәрзия Бөкембаева, Панфилов аудандық ауруханасы бас дәрігер орынбасары: -Барғанда жүректің соғысы тоқтап қалған. Дефибриллятормен симуляция жасаған, дефибрилляторсыз ЭКГ деген бар, сонымен ЭКГ түсірген. Белгілі болғандай, марқұмға Гордокс атты дәрі егілген екен. Аллергиялық әсері бар болғандықтан ол препарат тек дәрігердің бақылауымен ғана берілетін болса керек. Онысы қорапшасында да қатаң ескертіліп жазылған. Марқұм осыдан күні бұрын ғана ауруханадан емделіп шыққан екен. Десе де, дәрігерлер науқасты құлан-таза сауықтырғанбыз деп ант-су ішкен. Алайда, солай бола тұра, өздері жасайтын емдерінің әрі қарай дәріханаларда жалғасып жататынын байқамай айтып қалды. Мұрат Мұхаметжанов, Панфилов аудандық ауруханасы бас дәрігер орынбасары: -Дәрігерде болған. Біз бүгін құжатын көрдік. Емін алған, бюллетенін жапқызған. Сонымен әрі қарай енді кез-келген адам індетіне байланысты жалғастырады ғой емін. Сонда ол кісі күндіз емес, түнде барып қалай алғанын біз өзіміз таңқалып жатырмыз. Ал колледж мұғалімі ем іздеп келген дәріхана осы. Оң жағы дүкен боса, ал сол жағы кәуапхана. Ал осы оқиғадан кейін дәріханашыларға жаппай ескерту жасалған екен. Бірақ оған бағынайын деген дәріхана жоқ. Қайта клиент шақырып, дәріхананың ішінен ем-шара кабинетін ашқан. Қожайындарының бұлайша сес көрсетуі бекер емес екен. Өйткені, науқастардың өздері дәрігерлерден гөрі, дәріханашыларды жақсы көріп тұр. Ал екпеден қайтыс болған колледж мұғалімінің артында күйеуі мен бала-шағасы қалған. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары басталып та кетті. Десек те, аузына қара құлып салынған дәріхана жақын күндері ашылып қалуы мүмкін. Өйткені, марқұмның туыстары оған шағымданып, сотқа жүгінуден бас тартты.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды