jasqazaq.kz

Алматы облысында көлікті тіркеу бойынша 13,5 миллиард теңге төленбеген

22 шiлде 2022, 17:35

Алматы облысында 13,5 миллиард теңгеге алым төлемей, көлік құралдарын бастапқы тіркеуден өткізудің 2 329 дерегі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысында ауыр салмақты көліктерді бастапқы тіркеуге алым төлемей шетелден әкелу дерегі анықталған.

«Алматы облысының салық органдары Алматы облысы Әкімшілік полиция басқармасының тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) 13,5 миллиард теңгеге көлік құралдарын алым төлемей бастапқы есепке қоюдың 2 329 дерегін анықтады.

Өзге елдерден әкелінген көліктер, атап айтқанда, шыққан уақыты жеті жылдан асқан жүк тракторларын бастапқы тіркеу кезінде 2500 АЕК көлемінде алым төлемегені анықталды (2019 жылы — 6,3 миллион теңге, 2020 жылы — 6,9 миллион теңге, жылы 2021 жылы — 7,3 миллион теңге)», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитетінде бұл деректер міндетті төлемдерді нақты төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілін көрсетеді, бұл бюджеттің айтарлықтай шығынына әкелетіні айтылды.

Әкімшілік полиция түспеген алым сомасын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері кінәлі адамдар тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр