jasqazaq.kz

Алматы облысында көлік ұрысы ұсталды

26 тамыз 2018, 15:15

Алматы облысында «Марк-2» маркалы машинаны ұрлап бара жатқан күдікті жол үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, 21 жастағы жігіт автомобильді Алматы қаласынан қолды етіп, бірнеше сағаттың ішінде ұсталып қалды. «Автокөлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, тәртіпке бағынбай тоқтамай кетті. Күдіктінің ізіне полиция қызметкерлері түсіп, жүргізушіні тоқтатты. Белгілі болғандай, машина бірнеше сағат бұрын Алматы қаласындағы Алмалы ауданынан ұрланған болып шықты. Ал жүргізуші көлікті Жамбыл облысына апара жатқан. Көліктің тізгініндегі жігіт ұсталып, жақын маңдағы ішкі істер бөліміне жеткізілді және ол Алматы қаласындағы Алмалы ауданының тәртіп сақшыларына көлігімен бірге табысталатын болады»,- деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі. Аталған ведомства толықтырғандай, күдікті осыдан бір апта бұрын Алматыда ұрланған «Митцубиси Паджеро» көлігінің ұрлығына да қатысы бар болып шығыпты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұл машианы да Жамбыл облысына жеткізбек болған. Бірақ, көліктен жолда ақау шығып, оны Алматы облысының аумағындағы жолдың бойына қалдырып кеткен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді