jasqazaq.kz

Алматы облысында көлік үйдің үстіне құлады

25 мамыр 2022, 15:36

Алматы облысында көлік жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйге құлады,деп хабарлайды.

«BMW X5 көлігі 23 мамырдан 24-іне қараған түні рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан көлік жүргізушісі өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР ӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жақын күндері сотқа жолданады.

«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Ал электр бағаны электр станцияның мамандарымен қалпына келтірілді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.

 

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді