Алматы облысында көлік апатынан 4 адам ажал құшты. Оның үшеуі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Райымбек ауданында болған.
«Алдын ала болжам бойынша, «Toyota Karina« көлігінің жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатып қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Lada 2107« көлігіне соғылған. Оқиға орнында «Lada 2107« автомобилінің 21 жастағы жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ аталған көліктің 61 жастағы жүргізушісі және «Toyota Karina« көлігінің 54 және 24 жастағы жолаушылары Қаскелеңдегі орталық ауруханада жан тапсырды. Сонымен қатар, «Toyota Karina« көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы аталған аурухана түсті»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полицияның ақпаратына сәйкес, қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.