jasqazaq.kz

Алматы облысында көлік айдаған оқушы апатқа ұшырап, көз жұмды (видео)

02 қыркүйек 2018, 12:35

Алматы облысында автокөлік тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатына ұшырап, тіл тартпай кетті деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Instagram желісіндегі Кris_p.kz тобында жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео жарияланды. Видеоға түсініктемеде қайғылы жағдай Жаркент қаласының маңында болғаны айтылған.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті жол апаты шынымен де Жаркент маңында 30 тамыз күні кешкі уақытта болғанын хабарлады.

«Mercedes және Audi көліктері Жаркент – Тұрпан автожолының екінші шақырымында соғысқан. Mercedes Benz автокөлігін 14 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды.

Ол оқиға орнынан аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — мәлімдеді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Жасөспірім автокөлікте жалғыз болған, қазір полицейлер баланың шетелдік көлікті қалай мініп кеткенін анықтап жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді