jasqazaq.kz

Алматы облысында көлігінің әйнегін қасақана сындырған пранкерлер ұсталды

06 қантар 2021, 10:32

Алматы облысында пранк жасағандар жауапкершілікке тартылды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым келтірген бейнежазба анықталды. Оқиға Есік қаласында 2021 жылдың 4 қаңтарда болған. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген. Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылық жасағаны Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны мен «Volkswagen Passat» иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаға қатысушылар алдын-ала келісіп, әлеуметтік желідегі жұрттың назарын аударту мақсатында осындай әрекетке барған. Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың айтуынша, олар тек парақшаға жазылушы санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндегілері келген. Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия