jasqazaq.kz

Алматы облысында кісі өлтірген қылмыскер ұсталды

08 маусым 2020, 14:16

Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды.

Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген,

2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында орын алған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматын ұстады. Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне “Екi немесе одан көп адамды өлтіру” сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.

Қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке қоюдан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия