jasqazaq.kz

Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

21 мамыр 2019, 10:45

Алматы облысында полиция ұрлық пен тонауды кәсіп еткен бір топ жігітті ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наурыздан мамырға дейін қылмыстық топ Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында төлем терминалдарын ұрлаған. Топтың құрамында 1991-1998 жылдары туған бұрын сотталған бес жігіт болған, қазір оларға тоғыз қылмысқа қатысты айып тағылып отыр.

Ұсталғандардың барлығы Талғар ауданында тұрады. Қылмыскерлер барлық жағдайда төлем терминалдарын ұрлаған.

Полиция қызметкерлері ен даладан бөлшектелген екі терминалды тауып, тергеу материалдарына айғақ зат ретінде тіркеді.

«Зардап шеккендерге келтірілген зиян әлі есептеліп жатыр. Қазір күдіктілердің өңірдегі басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Талғар аудандық полиция қызметкерлері алдын ала тергеуді бастады. Барлық бес күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық