jasqazaq.kz

Алматы облысында қатты жел әуе шарында отырған адамды ұшырып әкетті

03 қантар 2022, 10:13

Алматы облысында қатты жел әуе шарында отырған адамды ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтар күні сағат 16:43-те Алматы облысы ТЖД пультіне Талғар ауданы «Ақ бұлақ» тау-шаңғы кешенінде қатты жел соғып, сақтандыру арқандарының үзілуі салдарынан әуе шарында отырған адамды тау жаққа ұшырып әкеткені туралы хабарлама түскен.

Шақырту орнына Талғар қалалық 2-МӨСБ-нен (7 қызметкер, 2 бірлік техника) және республикалық жедел-құтқару жасағынан (7 қызметкер, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп) ҚР ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

«Жел ұшырып әкеткен шар ішінде әуе шарымен ұшу жөніндегі нұсқаушы отырған. Ол нұсқаулық талабына сай тиісті әрекет ете білуінің арқасында аман-есен төбеге қона алған. Талғар қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Солдатсай» шатқалынан нұсқаушыны тауып, оны қауіпсіз жерге жеткізді», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, оқыс оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр