jasqazaq.kz

Алматы облысында қар құрсауынан жеті адам құтқарылды

07 желтоқсан 2020, 15:00

Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан жеті адамды құтқарды.

6 желтоқсанда сағат 19:37-де Алматы облысы ТЖД кезекшілік байланыс пультіне Алакөл ауданында, «Көктұма» станциясы мен 16 разъезд арасындағы «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі автокөліктің әр салонында екі ер адам болған. Қатты боранның салдарынан жолды қар басып, көліктер қозғалысты жалғастыра алмады. Сағат 21:09-да Ақши ауылындағы Жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің күшімен аталған автокөліктер жолдың тазартылған жүріс бөлігіне сүйреп шығарылды және олар әрі қарай өз жүрісімен қозғалыстарын жалғастырды. Сағат 13.14-те «Үшарал-Достық» автожолының 45-шақырымында Жалаңашкөл учаскесінде DAF маркалы жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Сағат 22:22-де Достық ст. 20-ӨСБ қызметкерлері аталған автокөліктен 2 адамды эвакуациялап, Достық станциясына жеткізді. Сағат 22:22-де «Алматы — Өскемен»- Қапал Арасан шипажайы» автожолының 35 шақырымында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Салонда жалғыз жүргізуші ғана болды. Талдықорған қ. ЖҚЖ құтқарушылары шақырту орнына келген бойда аталған автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Сағат 23.58-де құтқарушылар жүргізушіні Талдықорған қаласына эвакуациялады. Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес. Қысқы кезеңде жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін Алматы облысының ТЖД ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауды, 112 қызметінің СМС хабарламаларын ескермеуді және ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды. Қысқы сапарға шықпас бұрын, машинаны төтенше жағдайда Сізге көмектесетін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен, сондай-ақ жанармаймен қамтамасыз ету керек. Егер қозғалу мүмкіндігі болмаса және көмексіз шығуға болмайтынын түсінсеңіз, үрейленбеңіз, дереу жедел қызмет телефондарына қоңырау шалыңыз «112», «101», «102». Сіздің координаттарыңызды, айналаңызда болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты, отын қорын және т.б. беріңіз. Көмек міндетті түрде келеді.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық