jasqazaq.kz

Алматы облысында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды

22 қараша 2021, 15:40

Демалыс күндері Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауынан 9 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі жағдай Алакөл ауданында тіркелсе, бір шақырту Кербұлақ ауданынан түскен, Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Үшарал-Достық жолының Жалаңашкөл учаскесінде қалған автокөлікте үш адам болған. Олардың біреуі – бала. Сондай-ақ Көктұма ауылынан 15 шақырым жерде трактор қалың қарда қалып қойған. Ауылшаруашылық техникасында екі адам отырған. Алакөл ауданы жедел құтқару жасағының қызметкерлері оларды Көктұма елді мекеніне эвакуациялады. Ал төрт адам мінген «Toyota Hilux» автокөлігі Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылы маңында қалың қардан өте алмаған. Сарыөзек өрт сөндіру бөлімінің мамандары оларды Жүзасу қыстағындағы шаруа қожалықтарының біріне жеткізді. Құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған 9 адамның бәрі дін аман.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде