jasqazaq.kz

Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

30 қараша 2020, 11:43

Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 30-қараша күні сағат 02:37-де кезекші бөлімге тұрғындардың жолда қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті. Тұрғындар Ақсу ауданындағы Көшкентал ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөліктерімен қар құрсауында қалған.

«Алматы облысы ТЖД күшімен Урал базасындағы «Шнекоротор» арнайы техникасын қолдану арқылы, автожол учаскесі қар құрсауынан тазартылды. 10 автокөлік сапарларына қайта шықты. Автокөліктер салонында 30 адам болды, оның ішінде 2 бала. Олардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес. Сонымен қатар, бүгін сағат 9.30-дан бастап «Алматы – Өскемен а/ж — Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожол учаскесінде (0 шақырым мен 45 шақырым арасында) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде