jasqazaq.kz

Алматы облысында қамаудағылар түрме бақылаушысымен төбелескен

06 наурыз 2019, 11:17

Алматы облысы Заречный поселкісінде қамаудағы адамдар бақылаушылармен төбелескен. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

Бұл оқиға ЛА-155/14 мекемесінде болған. Ол жақта белгісіз адамдар тыйым салынған заттарды мекемеге алып кірмек болған. «Бақылау аймағында Ұлттық ұланның кезекші тексерушісі үш сотталған адамды көріп қойған. Олар жасаққа арналған жерден алшақтап, тыйым салынған аймаққа кіріп, белгісіз біреулер тастап кеткен заттарды алғысы келген. Олардың бұл әрекеттерін әшкерелеген қызметкерге олар бағынбай, қарсылық көрсетіп, оған дене жарақатын келтірген», — деді ІІМ ресми өкілі. Мекеме қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Болған оқиғаға байланысты жөнелтілген жасақ сотталушыларды ұстап, оларды тәртіп изоляторына қамады. «Ұсталған адамдарға қатысты мекеме қызметкеріне күш көрсеткендігі үшін қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнің қызметкерлері бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр», — деді ол.

Тengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда