jasqazaq.kz

Алматы облысында карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін

07 маусым 2020, 16:21

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта артып келеді. Соңғы аптада індетке шалдығу өсімі 4,5 пайызға жеткен.

«Вирусты жұқтыру өсімі соңғы аптада 4,5 % жетті. Ал карантин талаптарын жеңілдету кезеңінде бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған болатын. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері карантиннің негізгі талаптарын орындамайды. Медициналық маска тақпайды, адамдар арасындағы арақашықтық сақталмайды. Жалпы, карантин талаптарын сақтамаған 720 жағдай тіркелді», — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Қазір коронавирустың өсу қарқыны Талдықорған қаласында жоғары. Облыс орталығында алғашқы жағдай елімізде төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін тіркелді. Яғни, 14 мамыр күні полицейдің індетті жұқтырғанын мамандар хабарлады. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының сөзінше, бүгінгі күні шаһарда індетті жұқтырғандар саны 140 адамға жетті. Осы жайтқа байланысты 6 маусым күні Талдықорған бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес, облыс орталығында карантин режимі жалғасады. Бірақ санитарлық постар қойылмайды, нысандар жабылмайды.

«Ешқандай объектілер жабылмайды. Тек жұмыс істеу уақыттарына өзгеріс енгізілді. Санитарлық постарды да қайта қоймаймыз. Бірақ дезинфекциялау жұмыстары қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кіреберістерінде күнде жүргізіледі. Халықтан медициналық бетперде киіп, ара-қашықтықты сақтауды өтініп сұраймыз», — деді Н. Қанатұлы.

Талдықорғанда жаңадан шыққан қаулыға сәйкес:

— азық-түлік базарлары (ярмарка) сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін;

— автокөлік бөлшектерін, құрылыс материалдарын, тұрмыстық химия заттарын, тұрмыстық техниканы сататын азық-түлік емес дүкендер сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— азық-түлік емес, оның ішінде сауда үйлер, базарлардың жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— құрылыс дүкендері, жазғы коттедж жабдықтарын сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, зоодүкендер, тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

— сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) клиенттердің бетперде киюін талап ете отырып, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

— қоғамдық тамақтану орындары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді. Келушілердің жалпы саны 50 адамнан аспауы тиіс және оларды отырғызу талаптары қатаң сақталуы керек.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия