jasqazaq.kz

Алматы облысында ірі заңсыз «майнинг» фермасы анықталды

21 ақпан 2022, 15:41

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Жамбыл ауданында орналасқан ірі «майнинг» фермасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз әрекетті шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата зауыты болған «Қарғалы» АҚ аумағында жүзеге асырған. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар «майнинг» фермасын тоқыма өндірісі атынан тұтынылатын электр қуатының құнын жеңілдетілген тариф бойынша төлеген.

Тінту кезінде мамандар құны 1 млрд.теңге асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800 бірліктен астам жабдық тәркіленді.

Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген.

Сонымен қатар, «майнинг» фермасын ұйымдастырушылар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ы мен Жамбыл ауданының ЭТА-нің қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 млн. теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық