jasqazaq.kz

Алматы облысында ер адам жүгері тиеу кезінде көз жұмды

22 желтоқсан 2021, 17:19

Алматы облысында ер адам жүгері тиеу кезінде көз жұмды Қайғылы оқиға өткен дүйсенбіде болған. Жұмысшы қысып тығыздайтын құралдың астында қалып қойды.

Алматы облысында 39 жастағы ер адам жүгері тиеу кезінде қысып тығыздайтын құралдың астына түсіп, көз жұмды.

Жазатайым оқиға Ілеу ауданының Байсерке ауылында болды. 20 желтоқсанда сағат 21:33-те ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының кезекші пультіне жекеменшік шаруа қожалықтарының бірінде жүгері тиеу кезінде металл конструкция адамды басып қалғаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанған, алайда олар келгенге дейін ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

«Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен металл конструкцияның түбін кесіп, кранның көмегімен жинақтауыш аппаратты жоғары көтерді де, ер адамның мәйітін алып шықты. Қайтыс болған ер адам 1982 жылы туған», — деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.

ktk.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр