jasqazaq.kz

Алматы облысында ер адам танысын 20 жерінен пышақтады

13 мамыр 2019, 16:48

Алматы облысында танысын 20 жерінен пышақтап өлтірген ер адам ұсталды. Қылмыс мамырдың 11-інен 12-сіне қараған түні Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында болды.

Тексеру барысында күдікті өз танысын жергілікті базарда кездестіріп, жиһаз цехынына бірге ішімдік ішуге алып келгені белгілі болды. Өзара сөзге келіспей қалған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған. 38 жасар азаматтың бұзақылық және қарақшылық фактілері бойынша бұрын істі болғаны анықталды. Ал қаза болған ер адамның кім екендігі әлі анықталып жатыр.. Сот-медициналық сараптама мамандары марқұмның денесіне 20 рет пышақ сұғылғанын анықтады. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр. Айғақ зат ретінде ас үй пышағы қылмыстық іске тіркелген.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде