jasqazaq.kz

Алматы облысында ер адам ауылдасын балтамен шауып өлтірді

07 қазан 2021, 11:37

Алматы облысында спирттік ішімдікке сылқия тойып алған ер адам ауылдасын балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 3 қазан күні 11.20 шамасында Қаратал аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне азаптап өлтірілген ер адамның денесі табылғаны хабарланған. Бұл факті полицияда Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады. Марқұм Бастөбе ауылының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Кейіннен полицейлер күдіктіні де ұстады. Ол — марқұмның 41 жастағы ауылдасы. Тергеу кезінде дәлелдерді көрген соң ол өз кінәсін мойындады.

Күдіктінің айтуынша, кешкі 20.00 шамасында мас кезінде екеуара жанжал шығып, содан кейін ол зауыттан шыққан шағын балтамен танысын ұрып өлтірген. Әуелі мәйітті жертөлеге жасырған. Бірақ түнгі үште велосипедке артып, иесіз ескі ғимаратқа апарып тастаған.

Күдікті уақытша изоляторға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, бұдан басқа ақпарат құпия саналады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия