jasqazaq.kz

Алматы облысында ер адам әйелін өлтіріп, елсіз далаға қашып кеткен

12 мамыр 2022, 14:46

Талғар полицейлері елдімекендерден алыс дала аймағында өз әйелін өлтірді деген күдікпен 45 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 10 мамырда тәртіп сақшыларына Жалғамыс ауылы маңындағы шаруа қожалығынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 47 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Үйдегі төбелес іздерінен әйелдің аяусыз соққыға жығылғанын, соның салдарынан қайтыс болғаны анықталды.

Марқұм болған әйел бұрын сотталған ер адаммен бірге тұрып, шаруа қожалығында мал баққан. Белгілі болғандай, әйелдің өліміне қатысы бар күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

«Күдікті даланың қыр-сырын жетік білетін, сондықтан іздестіру топтары бірнеше бағытта жұмыс істеді. Нәтижесінде патрульдік рота қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстап, полицияға жеткізді. 45 жастағы ер адам өз айғақтарында әйелін қатты соққыға жыққанын толық мойындады. Сондай-ақ ұсталған азамат қылмыс жасаған кезде мас болғанын түсіндірді», — деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр