jasqazaq.kz

Алматы облысында ер адам әйелімен жанжалдан соң үйін өртеп жіберді

18 ақпан 2022, 13:27

Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасып, өз үйін өртеп жіберді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі:

15 ақпанда Талғар ауданындағы саяжайлардың бірінде үй өртенді. Өртке оранған ғимараттан әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерсе, отағасын шуға қарай жүгірген көршілер аман алып қалды.

Үйді өртеп жіберді деген күдікпен 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол қылмысын мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдан соң осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі:

ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мұндай істер бойынша міндетті сараптамалар бүгінге белгіленді. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң шығарылады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық