jasqazaq.kz

Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті

22 қантар 2020, 12:41

Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатыр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні, кешке Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы өтініш түсірген.

«Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары сондай-ақ, Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған» — делінген таратылған хабарламада.

Жоғалған қыздардың фотосуреттері мен белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде