jasqazaq.kz

Алматы облысында екі аурухананың басшысы жазаланды

13 ақпан 2019, 15:21

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысындағы міндетті талаптарды сақтамаған 2 медициналық ұйымға қатысты шара қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қарасай ауданының Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Осыдан кейін аурухана директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімі бойынша және екі бөлім меңгерушісіне қатысты 80-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік шара қабылданды. «Тексеру қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы сапасыз медициналық қызмет көрсеткені үшін 2 млн 345 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Қайта тексеру кезінде ұйғарымның 2 тармағы орындалмағаны анықталды. Материалдар шара қабылдау үшін Қаскелең қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Қарасай мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен аурухана директорына 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген министрліктің хабарламасында. Айта кетерлігі, өткен жылы Алматы облысының әкімі Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын Қарасай аудандық орталық ауруханасына қосу туралы қаулы шығарған еді. Қазіргі уақытта аурухана қайта құрылып, Қарасай аудандық орталық ауруханасы құрамына кіргізілген. Бұл ретте ауруханаларда әкімшілік бөлігінен басқа көзделген штат бірлігі сақталған. «2018 жылдың сәуір айында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық аурухананы тексеру барысында ғимараттың санитарлық-техникалық жағдайы, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелерінен ақау табылған болатын. Тексеру нәтижелері бойынша 10 лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік шара қабылданған. Сондай-ақ, 2018 жылғы 27 желтоқсанға дейін кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілген. Нұсқаманы орындау бойынша тексеру осы жылдың қаңтар айында жүргізілді. Тексеру барысында 27 тармақтың 13-і орындалмағаны белгілі болды. Атап айтқанда, күрделі жөндеу жүргізу, желдету жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, кір жуу орнын жабдықтау, асханадағы кем-кетік ыдыстарды ауыстыру, сондай-ақ науқастарды инфекциялық аурулардың жекелеген түрлеріне тексеру және инфекциялық бақылау комиссиясының жұмысы бойынша кемшіліктер сол күйі реттелмеген», — делінген хабарламада. Аурухана директорының орынбасарына ұйғарымды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-тармағы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды (бұрынғы директор жұмыстан босатылды). Тексеру материалдары шара қолдану үшін Еңбекшіқазақ аудандық №2 сотына жіберіліп, қазіргі уақытта материалдар қарастырылуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде