jasqazaq.kz

Алматы облысында екі әйелдің мәйіті табылды

31 шiлде 2018, 14:23

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылында жер үйден өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы 06:28-де Есік қаласының №6 өрт сөндіру бөліміне өрт туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер бірден Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылына аттанады. Оқиға орнына дейінгі ара қашықтық 25 шақырымды құраған. Олар ауылға 22 минут ішінде келеді.
«Өрт сөндірушілер келген кезде, үй лапылдап жанып жатқан, төбесі құлаған. Тілсіз жауды сөндіру кезінде үйден 1955 және 1966 жылғы екі әйелдің денесі табылды. Алдын ала себептер бойынша олар ұйықтап жатқанда, иіс тиіп көз жұмған», —делінген хабарламада.
Өрт шамамен екі сағаттан кейін, 08:16-да толығымен сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері азаматтардан өрт туралы «101» немесе «112» телефондары бойынша лезде хабар беруді сұрайды.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді