jasqazaq.kz

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады

04 тамыз 2021, 15:59

Алматы облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлім етті. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,9% дейін артты. Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары — «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, ұйғыр және Ақсу аудандары — «сары» аймақта, ал қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта орналасқан. «Демалыс күндері локдаун жарияланады. Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік сатпайтын) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктердің, ХҚО-лардың, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады», — деді Асхат Чарапиев

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия