jasqazaq.kz

Алматы облысында бұрын сотталған жігіт ерлі-зайыптыға оқ атқан

10 маусым 2022, 12:09

Алматы облысында ерлі-зайыптыға оқ атқан 24 жастағы талдықорғандық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, оқиға 8 маусымда Ескелді ауданының Қоңыр ауылында тіркелген. Жас жігіттің 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен жанжалдасқаны анықталды. Ауызша кикілжіңнің соңы төбелеске ұласқан. Сол кезде күдікті өзінің Mitsubishi Pajero автокөлігінде алып жүрген 12 калибрлі аңшылық мылтығымен ерлі-зайыптыларға оқ атқан.

Оқ жарақатынан зардап шеккендер Талдықорған ауруханаларының біріне жатқызылды.

«Күдікті жоғары жылдамдықпен ауыл көшесінің шаңын аспанға көтере жүріп өтіп, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Онымен қоймай, қатты ашуға булыққан ол ерлі-зайыптылармен жанжалдасып, қол көтерген, артынша оларға қарсы атыс қаруын қолданған. Соның салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық тергеу ҚР ҚК 24 — бабын қолданумен 99-бабы бойынша, яғни «Адам өлтіруге оқталу» бойынша жүргізілуде», — деп хабарлады Ескелді ауданының полициясы.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған күдікті қамауға алынды. Аталған факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Аңшылық мылтық тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде