jasqazaq.kz

Алматы облысында болған жарылыстың видеосы пайда болды

02 қыркүйек 2019, 11:39

Алматы облысында зауыттардың бірінде болған жарылыс бейне бақылау камераларының объективіне түсіп қалған. Бұл туралы Тengrinews.kz  хабарлады.

Газбетонды блоктарды өндіру зауытында болған оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Жарылыс болған уақытта бейнебақылау камералары әр түрлі ракурстан түсіріп алған. Видеода — цех құбыры құлаған үйдің ауласы түсірілген. Оқиғаның бірінші секундтарында ештеңе болмаған. Ары қарай — жарылыстың сәті түсірілген. Еске салсақ, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Мәліметтер бойынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болған. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цехтың жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен. Жарылыс болған жерден 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, оқиға орнынан әр түрлі дене жарақатын алған үш адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Жарылыс салдарынан цех аумағында тұрған Мерседес МЛ-300 және Тойота Авенсис автокөліктері бүлінген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі. Жарылыс салдарынан бүлінген үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар кәсіпорын қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Жұмыс 2-3 күн ішінде аяқталуы тиіс.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде