jasqazaq.kz

Алматы облысында бір топ ұры 15 үйді тонап кетті

24 қантар 2019, 11:53

Алматы облысының полицейлері бір топ ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, төрт ер адамнан құралған қылмыстық топты Жамбыл ауданының полицейлері ұстаған. Қазір оларға Ұзынағаш ауылында 2018 жылдың күзінде тіркелген ұрлау деректері бойынша айып тағылған. «Күдіктілер кезекті ұрлықтан кейін дереу ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған. Тергеп-тексеру кезінде ұсталғандар осы секілді басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілді. Қазір күдіктілер әр түрлі кезде жасалған 15 ұрлық дерегі бойынша айыпталып отыр. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал шамамен 5 миллион теңгені құрайды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. Ауыл тұрғындарының қолды болған мүліктерінің бір бөлігі табылып, тергеуге заттай айғақ ретінде алынды. «Әзірге күдіктілердің негізгі фигурант болып отырған біреуі ғана қамауға алынды. Ал үшеуіне тергеу кезінде ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қолданылды. Жамбыл облыстық полициясының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», — дейді полиция қызметкерлері.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда