
Алматы облысының полиция қызметкерлері «жаркенттік жігіттерді» іздеп жатыр. Әлеуметтік желілерде сөмкесіне қомақты ақша мен қару-жарақ салып алған азаматтардың видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Видеода көліктің алдыңғы жағында отырған адам Калашников автоматы мен сөмкесін ашып көрсетеді.
— Қазір осы видео ролик бойынша Панфилов ауданының полиция қызметкерлері пост авторларының кім екенін анықтауды бастап кеткен. Тексеру барысында азаматтардың әрекеті заң шеңберінде қаралатын болады, — дейді полициядағылар.