jasqazaq.kz

Алматы облысында бір адамды аю талап өлтірді

31 мамыр 2020, 10:19

Алматы облысында 41 жастағы Ресей азаматын аю талап, мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданында болған.

«Бала күнінен Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында тұрып келе жатқан 1979 жылғы Ресей азаматы достарымен бірге балық аулауға барған. Оқиға Ұлттық парктің аумағында болған. Әлгі азамат сол жерде борсықты көріп, артынан қуа жөнелген. Бірақ, артынша оның жанұшырған даусы естілген. Достары жеткенде ол қаңсырап жатқан. Сол маңда жүрген адамдар аюды көрген. Олардың болжамынша, әлгі аң борсық емес, аюдың қонжығы болуы мүмкін. Сірә, қонжығын қорғаған аю адамға тап берген болар. Жарақат алған ресейлік көз жұмды», — дейді бұл оқиға жайлы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия