jasqazaq.kz

Алматы облысында автосалон өртенді

12 қантар 2019, 11:31

Алматы облысында автосалонда өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

«12 қаңтарда сағат 00:44-те өрт сөндіру қызметіне Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында «Nissan Финанс» автосалонында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт 500 шаршы метр аумақты қамтитын автосалонға іргелес автошина сақтайтын қоймадан шыққан. Өрт сөндірушілердің арқасында кепілдемелік қызмет көрсетуден өтіп жатқан 15 жеңіл көлік эвакуацияланды. Өрт 04:30-да ауыздықталып, 05:03-те сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Ведомствода аталып өтілгендей, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Өрт шыққан жерге Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 6 техникасы, Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 16 адамы мен 5 техникасы тартылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде