
Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», — деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. Сондай-ақ, ведомстводағылар оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Tengrinews.kz