jasqazaq.kz

Алматы облысында ауыз судан құрт табылды

05 сәуiр 2022, 14:25

Алматы облысы Қырғауылды ауылының тұрғындары үшін ауыз су мәселесі бүгінгі күннің басты тақырыбы болып отыр. Ауыл тұрғындары үйіне орталықтандырылған су құбырынан келетін құрты бар суға шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының тұрғындары ішінде құрты бар ауыз суға шағымданды деп жазды turkystan.kz.

Тұрғындардың айтуынша, су сапасының нашар болуына жеткізуші кінәлі, ол оны қарапайым арықтан алып, тұтынушыларға тазартпай береді екен.

«ЖК «Темірбаев» 2016 жылдан бастап жұмыс істеді. Бастапқыда су «Торпеда» бау-бақшасында орналасқан су сорғысынан келді. Су сорғысы небәрі 100 метр ғана болды. Кейін су сорғыш толық кеуіп қалды. Өйткені ол жақтан «Торпеда» да, біз де алдық. Кәсіпкер халыққа ештеңе айтпастан, арықтан су бере бастады. Бұл жағдайды тұрғындардың өздері су арықтан алынып жатқанын анықтаған», – деді Қырғауылды аулының тұрғыны Галина Лавренцова.
Екі жылдан астам уақыт бойы лас суды пайдаланып келе жатқан тұрғындар түрлі ауруға шалдығып жатқандарын айтады.

Қырғауылдының тұрғындары ауылдық әкімдікке талай рет шағымданып, алайда мәселелерін сол күйі шеше алмаған.

Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаевтың айтуынша, тұрғындардың жаңа су қоймаларының құрылысын күтуден басқа амалы жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде