jasqazaq.kz

Алматы облысында ауыл тұрғыны үйінде қолдан ішімдік жасап сатқан

07 шiлде 2022, 10:33

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шаралары барысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбасы бар суррогат алкоголь өнімін өндірген жасырын цехты әшкереледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны жеке үй аумағындағы үй-жайда антисанитариялық жағдайда қолдан алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған.

Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр