jasqazaq.kz

Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды

18 желтоқсан 2020, 19:12

Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы ауа райына байланысты жабылды. Республикалық тас жолға шығуға көліктің барлық түріне тыйым салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 18 желтоқсанда сағат 13.00-ден бастап боран мен жолдың көрінуі нөлдік деңгейде болуына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.

«Алматы облысы ТЖД өкілдері тұрғындардан осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шығарда ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен алып жүріңіз», — делінген хабарламада.

Бұған дейін 30 қарашада бұл жол ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия