jasqazaq.kz

Алматы облысында ашынған жұрт жолды жауып тастады

17 қазан 2018, 11:00

Олар жүргіншілер жолағының маңына көлік қозғалысын бақылайтын бейнекамера орнатуды талап етіп отыр. Өйткені қатты жылдамдықпен жүйткіген жүргізушілер белгіні елемейтін көрінеді.
КТК жазғандай, соның кесірінен қаншама адамды көлік қағып кеткен. Шенеуніктер талаптарымызды орындамаса, күнара жолды жауып, көлік жүргізбейміз, – дейді жұрт.
Талдықорған іргесіндегі Мелькомбинат ауылының тұрғындары шыдамның шегіне жеткенін айтады. Өздері жауып тастаған дәл осы жолдан өту нағыз қияметке айналған. Себебі бұл ауылдың балалары Есенгелді ауданының орталығы Қарабұлаққа қатынап оқиды. Ол жаққа жету үшін жалғыз жүргіншілер жолағынан иманын үйіріп өтеді. Өйткені белгіні елеп жатқан көлік жүргізушілері жоқ. Қатты жүйткігені сонша, адам қағып кетуден тайынбайды. Сондықтан осы маңға көлік қозғалысын бақылайтын камера орнатуды талап етіп отыр.

Әлия Қаракенеева, Мелькомбинат ауылының тұрғыны: «Неше рет машинаның астына түсе жаздадық. Біздің сұрайтынымыз жол белгісін басқа жерге аударыңыздар. Мына жерге камера қойсын. Бұл маңда жол апаты жиі болады. Соңғы рет осыдан төрт күн бұрын 17 жастағы студентті көлік қағып кеткен. Құрбыларымен сабаққа бара жатқан ол сол жерде қаза тапты»

Алина Әбдірайымова, оқиға куәгері:   «Ол жүргіншілер жолағымен жолдың арғы бетіне өтпек болды. Қатты жылдамдықпен көлік қағып өтті. Бәрі көз алдымда болды. Даянаны он метр жерге дейін ұшырып жіберді. Мен қасына жүгіріп барғанымда жүріп кеткен екен. Жолды жапқан тұрғындардың мәселесін жергілікті шенеуніктер жақсы біледі екен. Бірақ қаржының жоқтығын айтып қол қусырып отыр»

Еніздер Серікбаев, Есенгелді аудандық автокөлік жолдары бөлімінің басшысы: «Енді келесі жылға бюджетке өтініш жіберілді. Енді өздеріңіз түсінесіздер ғой, айтқан кезде салына салмайды ғой. Тұрғындар жол бойына қатты жылдамдықты шектейтін белгі мен бақылау камерасын орнатпаса, күнара осы жерге жиналатындарын айтады. Бір мезгіл қозғалысты тоқтатып, өздері жүргізушілерді тәубесіне келтіріп отырмақшы»

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді