jasqazaq.kz

Алматы облысында алты үйді өрт шалды (видео)

28 шiлде 2017, 12:15

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында тұрғын үйлер өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің сөзінше, алты үйді өрт шалған. Осыған байланысты Талғар тасжолының екі бағыты да жабылды. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады. Комитет өкілдерінің мәліметі бойынша, 27 шілдеде сағат 22:10 шамасында Тұздыбастау ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан жекеменшік үйлерден өрт шығып, қасындағы жиһаз цехі етіп жасалған үйге де от тиген. Өртті сөндіруге Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 14 өрт сөндірушісі мен 3 техника жұмылдырылды және Алматы қаласы Өрт сөндіру қызметінің сегіз өрт сөндірушісі мен екі техникасы көмекке келді. Өрт аумағы шамамен 380 шаршы метр. «Шамамен сағат 00:24-те өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алды», — деп хабарлады Иманқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде