jasqazaq.kz

Алматы облысында әйел жаңа туған екі баласын сатып жіберген

06 тамыз 2021, 13:07

Алматы облысында әйел жаңа туған баласын сатпақ болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер бұл туралы әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында білген. Құқық қорғау органдары әйелдің баланы үшінші тұлғаға беріп, қамқорлыққа алушылық рәсімдеуге тырысқанын анықтады.

«Тексеру барысында әйелдің перзентханадан шыққан соң, заңда белгіленген рәсімдерді орындамастан баласын үшінші тұлғаға өз еркімен бергенін анықтады», – деді полиция.

Кейіннен әйелдің бұл алғашқы ісі емес екені белгілі болған. Оның бұрын тағы да перзентханадан шыққаннан кейін жаңа туған баласын бірден бере салғаны анықталды. Әйел баласын Қазақстаннан тыс жерге әкетуге рұқсат беріп, белгісіз әйелге сенімхат жазып берген.

«Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135 бабы “кәмелетке толмағандар саудасы” бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деді полициядан.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді.

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К. есімді азаматшаны кінәлі деп таныды. Оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда екінші баласының кішкентай болуына байланысты ол 14 жасқа толғанға дейін жаза кейінге қалдырылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия