jasqazaq.kz

Алматы облысында ағасы қонақ болып келген інісін өлтірді

07 маусым 2022, 11:48

Алматы облысы Қарасай ауданында кісі өлімі дерегі тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

5 маусымда Бұлақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен 41 жастағы ер адамның денесі табылған. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалған. Сот сарапшыларының алдын ала қорытындысы бойынша, жәбірленуші жүрек тұсынан пышақталған.

Жәбірленуші Ақтөбе облысының тумасы болып шыққан. Ол ағасына қонақ болып келген. Ағасы жалдамалы пәтерде азаматтық некедегі жұбайымен бірге тұрған.

Ведомство мәліметінше, бөлмелердің күйіне қарағанда, үйде ішімдік ішілген. Сонымен қатар, оқиғаға қатысы бар екінші адам белгісіз бағытқа қашып кеткен.

«Іздестіру топтары жергілікті жерді қарады. Жақын маңдағы барлық елді мекен тексерілді. Нәтижесінде, күдікті көрші ауылдың көшелерінің бірінен табылды. Ер адам жәбірленушінің 52 жастағы ағасы болып шықты. Екеуінің арасында жанжал туындаған, арты қайғылы оқиғаға ұласқан», — деді полицейлер.

Күдікті қамауға алынды. Оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағы табылған, олардың бірі қылмыс құралы болған. Қажет сараптамалар тағайындалған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде